Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетіп, бірқатары келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кешкі сессияда Қазақстан ерлер құрамасының мүшелері Ертуған Зейнуллинов пен Санжар Тәшкенбай шаршы алаңға шықты.
65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ертуған Зейнуллинов 1/8 финалда ағылшын боксшысы Патрис Мугалзайды жеңді. Ал 50 келідегі Санжар Тәшкенбай Иордания спортшысы Хутайфа Эшишпен кездесіп, айқын басымдықпен үстем түсті.
Айта кетейік, екі боксшы да ересектер арасындағы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып жатыр.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі