Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысынан жеңіліп қалды
Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде өнер көрсетті.
Жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы қырғызстандық Марсель Нұрланбекұлымен қолғаптағы бокс ережесі бойынша кездесті. Тартысты өткен айқастың қорытындысында төрешілер жеңісті бірауыздан қырғыз файтеріне берді.
Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтардың аралас жекпе-жектегі кәсіби рекорды 11 жеңіс, 3 жеңіліс. Ол ММА ережесі бойынша соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың тамызында өткізіп, сол кездесуде ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ал Марсель Нұрланбекұлы ММА-да әзірге жеңіліп көрмеген спортшы саналады. Оның еншісінде 14 жеңіс, 0 жеңіліс бар. Қырғыз файтері соңғы кездесуін 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық Фарход Эргишбаевты нокаутпен ұтқан еді.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтардың бұған дейінгі жекпе-жегі 28 желтоқсанда Ташкентте өткен. Сол кезде ол жергілікті спортшы Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңген. Бұл кездесу де бокс ережесі бойынша ұйымдастырылған болатын.
Фото: видеодан скрин
Ең көп оқылған