457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еркебұлан Тоқтар Данияр Елеусіновке жауап берді

Ол бокстың классикалық ережелері бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты.

Қазақстандық Поп-MMA өкілі Еркебұлан Тоқтар Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің өзіне қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді.

Қазақстандағы ең танымал Поп-MMA жекпе-жекшілерінің бірі Еркебұлан Тоқтар 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионымен бокстың классикалық ережелері бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты.

Бұған дейін Данияр Елеусінов Тоқтармен болатын ықтимал жекпе-жектің спорттық емес, тек коммерциялық тұрғыда ғана қызығушылық тудыруы мүмкін екенін айтты.

«Иә, Даниярдың пікіріне келісемін. Бұл жекпе-жекте спорттық мағына жоқ, бірақ коммерциялық қызығушылық бар. Олимпиада чемпионымен бір рингте жұдырықтасу  - мен үшін үлкен мәртебе», - деді Еркебұлан Тоқтар.

Оның айтуынша, Елеусіновтің көзқарасы түзу екенін білетінін айтты.

«Спорттық тұрғыдан маған да қызық емес. Ал коммерциялық жағынан жақсы ақша таба аламын. Бір-екі раунд шыдап бере аламын. Ол мені күліп жүріп ұрады. Таяқ жеймін. Бірақ ақша табамын», - дейді файтер.

Сондай-ақ бұған дейін қазақстандық файтер сәуір айында Ресейдің танымал ММА-блогері Артём Тарасовпен кездесуі мүмкін екені хабарланған еді.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтардың соңғы жекпе-жегі желтоқсан айында Ташкентте өтті. Ол өзбекстандық Тимур Никулинмен бокстың ережесі бойынша кездесіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Қазіргі таңда Тоқтардың келесі қарсыласы мен жекпе-жек өтетін нақты уақыт ресми түрде жарияланған жоқ.