Эрисланди Лара Сан-Антониода өткен айқаста чемпиондық белбеуін сенімді қорғады
Сан-Антонио қаласында (Техас, АҚШ) өткен бокс кешінде кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын венесуэлалық Йохан Гонсалеспен (36-4, 34 KO) жекпе-жекте қорғады.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек толық дистанцияда өтті. Кездесу кубалық боксшының айқын басымдығымен аяқталды. Қазылар алқасы бір ауыздан жеңісті Лараға берді – 118:108, 119:107, 120:106. Жекпе-жек барысында чемпион қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Осылайша Эрисланди Лара кәсіби мансабындағы 32-жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Ал Гонсалес үшін бұл жекпе-жек мансабындағы бесінші жеңіліспен аяқталды.
Жәнібек Әлімханұлына байланысты допинг дауы
Айта кетейік, бастапқы жоспар бойынша Лараның қарсыласы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы болуы тиіс еді. Алайда жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшының VADA допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты табылып, айқас шұғыл түрде тоқтатылған.
Осыған байланысты Лараға жедел түрде жаңа қарсылас ретінде Йохан Гонсалес ұсынылды.
Кубалық чемпион сол ауыспалы жағдайға қарамастан, айқаста сенімді өнер көрсетіп, белбеуін қорғап шықты.
Фото: ©x.com/premierboxing
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған