Ерасыл Жақпеков әлем чемпионатын нокаутпен бастады
Қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін айқын жеңіспен аяқтады.
80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз 1/16 финалда Буркина-Фасо өкілі Эбенезер Тене Гесвенде Зугранамен кездесіп, жекпе-жекті небары бір раундта тәмамдады.
Қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, үшінші құлағаннан кейін рефери айқасты тоқтату туралы шешім қабылдады. Осылайша Жақпековке ерте жеңіс – нокаут тіркелді.
2024 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанған Ерасыл Жақпеков бұл жеңісімен келесі кезеңге жолдама алды. Ал қарсыласы әлемдік сыннан дәл осы кезеңде шығып қалды.
Айта кетейік, әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр. Бұған дейін аса ауыр салмақта Магамед Юсупов пен 67 келідегі Санатәлі Төлтаев та жеңіске жеткен еді.
IBA ұйымдастырған әлем біріншілігі 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.
Фото: Instagram |
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған