Энтони Джошуа зардап шеккен жол апатының себебі белгілі болды
Британдық атақты боксшы Энтони Джошуа зардап шеккен жол-көлік оқиғасының себебі анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қайғылы оқиға 29 желтоқсанда Нигерияда тіркелген. Джошуа отырған Lexus көлігі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған болатын.
Нигерия жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінің өкілі, полиция командирі Бабатунде Акинбийидің айтуынша, алдын ала тергеу нәтижесінде көлік Лагостан Сагаму бағытына жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатқанда, дөңгелегі жарылып, көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан апатқа жол берілген.
Апат кезінде Энтони Джошуа көліктің артқы орындығында, жүргізушінің дәл артында отырған. Ол да, жүргізуші де тірі қалған.
Еске салайық, жол апаты салдарынан боксшының жаттықтырушылары қаза тапты. Нигерия президенті Бола Тинубу мен елдің сыртқы істер министрі Юсуф Туггар марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Энтони Джошуаға жеке өзі телефон соғып, қолдау білдірген.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған