Энтони Джошуа екі мәрте нокдаунға түссе де, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады
Кәсіпқой бокста бұрынғы WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен бокс кешінде албаниялық Кристиан Пренганы нокаутпен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жекпе-жек екінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Дегенмен алғашқы раундта Пренга британдық боксшыны екі рет нокдаунға жіберіп, көрермендерді таңғалдырды.
Соған қарамастан, Энтони Джошуа жекпе-жектің бағытын өзгертіп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, сенімді жеңіске жетті.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Джошуаның келесі қарсыласы қараша айында жерлесі Тайсон Фьюри болуы мүмкін. Еске салсақ, Фьюри 24 шілдеде өткен кездесуінде польшалық Мариуш Вахты техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Бұл жеңіс Энтони Джошуа үшін кәсіпқой бокстағы 30-жеңісі болды. Қазір оның еншісінде 30 жеңіс пен 4 жеңіліс бар. Ал Кристиан Пренга мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырап, көрсеткішін 20 жеңіс және 2 жеңіліске жеткізді.
Фото: Richard Pelham / Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған