Дархан Қызайбаев Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы ҚР бокс федерациясы мәлімдеді.
Дархан Қызайбаев 2024 жылдың ақпан айынан бастап ҚБФ халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті қызметін атқарып келген болатын.
Бұдан былай Дархан Еркінұлы федерацияның ішкі және сыртқы шаруаларына, құрамалар және тағайындауларға жауап береді, - деп жазылған федерацияның хабарламасында.
Фото: Ашық дереккөзден