457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Қазіргі уақытта Әлімханұлы мельдонийге қатысты допинг сынамасынан кейін уақытша жаза мерзімін өтеп жатыр

Кәсіпқой бокста жеңілмеген кубалық боксшы Йоэнлис Эрнандес (9-0, 8 КО) орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Әлімханұлы мельдонийге қатысты допинг сынамасынан кейін уақытша жаза мерзімін өтеп жатыр.

Эрнандестің айтуынша, ол дивизиондағы барлық чемпиондармен жұдырықтасуға дайын:

«Біз кез келген чемпионмен, соның ішінде Әлімханұлымен де жұдырықтасуға дайынбыз. Егер бізге сондай мүмкіндік берілсе, қуана келісеміз», - деді кубалық боксшы Fight Hype басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Йоэнлис Эрнандес әуесқой бокста екі дүркін әлем чемпионы атанған (2021, 2023). Ол кәсіпқой рингтегі мансабын 2022 жылы бастап, бүгінге дейін барлық жекпе-жегінде жеңіске жеткен.

Фото: X / qazaqstyle