457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дулат Бекбауов өзбек боксшысымен жекпе-жек өткізеді

Титулдық айқас 28 наурыз күні Тараз қаласында өтетін бокс кеші аясында ұйымдастырылады.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дулат Бекбауов WBC Greater Turan аймақтық титулы үшін шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы – өзбекстандық Абдурасул Исмоилов.

Титулдық айқас 28 наурыз күні Тараз қаласында өтетін бокс кеші аясында ұйымдастырылады. Промоушен мәліметіне сәйкес, жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Rdproboxing таратқан ақпаратта:

«Дулат Бекбауов (2-0, 2 KO) пен Абдурасул Исмоилов (11-3-1, 7 KO) арасындағы кездесуде WBC Greater Turan белбеуі сарапқа салынады», – делінген.

Дулат Бекбауов әуесқой бокста айтарлықтай жетістіктерге жеткен спортшы. Оның басты жетістіктерінің бірі – 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы күміс жүлде. Сонымен қатар, ол Азия чемпионатында екі рет күміс медаль иеленген (2022, 2024).

Кәсіпқой рингтегі дебютін Бекбауов 2025 жылдың шілдесінде өткізді. Ал сол жылдың желтоқсанында Алматыда өткен жекпе-жекте өзбекстандық Хасанбой Мирзахамраевты үшінші раундта нокаутпен жеңген.

Ал Абдурасул Исмоилов халықаралық деңгейде тәжірибесі мол боксшылардың бірі. Ол Ресей, Вьетнам, Оңтүстік Корея және Қытайда өткен турнирлерде өнер көрсеткен. Соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың ақпанында Мәскеуде өткізіп, ресейлік Артур Субханкуловпен WBA Asia белбеуі үшін жұдырықтасқан, алайда жеңіліс тапқан.

Алдағы кездесу екі ел боксшылары арасындағы маңызды текетірес болмақ және жас кәсіпқой Бекбауов үшін алғашқы титулды айқас ретінде ерекше мәнге ие.

Фото: instagram.com/rdproboxing