Дулат Бекбауов Алматыдағы бокс кешінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (1-0, 1 КО) Алматы қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде өзбекстандық Хасанбой Мирзахамраевты (3-5, 2 КО) айқын басымдықпен жеңді.
Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Қарсыласы бірнеше мәрте нокдаунға түскеннен кейін кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Бұл – Дулат Бекбауовтың кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегі. Ол алғашқы кездесуінде де мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.
Аталған бокс кешінде тағы бір қазақстандық спортшы Асанәлі Сатбаев (2-0, 1 КО) өзбекстандық Сұлтанмахмуд Тухтагуловты (1-2, 1 КО) жеңіп, кәсіби мансабындағы екінші жеңісіне қол жеткізді.
Ал кештің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО) филиппиндік Алвин Камикемен (11-4, 6 КО) жұдырықтасады. Бұл айқаста Елшат Нығметолла WBA Asia нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.
ФОТО: Оlympic.kz
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған