Дубайдағы әлем чемпионатында бүгін үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады
Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) ұйымдастырып жатқан Дубайдағы (БАӘ) әлем чемпионатында 7 желтоқсан күні Қазақстан құрамасынан үш бірдей боксшы өз айқастарын өткізеді.
Күндізгі сессия (18:00)
57 кг – Оразбек Асылқұлов
Қарсыласы: Элизандру Саншеш да Силва (Кабо-Верде)
Ол күндізгі сессиядағы алғашқы жекпе-жекте шаршы алаңға шығады.
Кешкі сессия (22:00)
63,5 кг – Ертуған Зейнуллинов
Қарсыласы: Даваадал Алтангэрэл (Моңғолия)
Жекпе-жек шамамен 23:45-те басталады.
71 кг – Абылайхан Жүсіпов
Қарсыласы: Арарат Арутюнян (Армения)
Оның айқасы 00:45 шамасында өтеді.
Турнир 3-13 желтоқсан аралығында өтіп жатыр. Биылғы әлем біріншілігі тарихтағы ең ірі жүлде қорымен ерекшеленеді:
чемпиондар – 300 мың доллар,
күміс жүлдегерлер – 150 мың доллар,
қола жүлдегерлер – 75 мың доллар,
ширек финалистер – 10 мың доллар табыс табады.
Қазақстан құрамасының қазіргі нәтижесі
Бүгінге дейін келесі боксшылар келесі кезеңге өтті:
Даниял Сәбит (51 кг)
Сәкен Бибосынов (54 кг)
Серік Теміржанов (60 кг)
Санатәлі Төлтаев (67 кг)
Сабыржан Аққалықов (75 кг)
Ерасыл Жақпеков (80 кг)
Дәулет Төлемісов (86 кг)
Нурмагамед Юсупов (92 кг).
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған