Мәзір
Бокс

Допинг дауына ұрынған Әлімханұлының командасы жанкүйерлер алдында ақталып бақты

Сабина Асқарқызы 127 қаралым
Допинг дауына ұрынған Әлімханұлының командасы жанкүйерлер алдында ақталып бақты

Қазақстандық танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауы туындағаннан кейін жанкүйерлеріне арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Qazaq Style өз мәлімдемесінде жанкүйерлерге алғыс білдіріп, қиындықтардан өтіп келгендерін атап өтті.

"Шынайы жанкүйерлерге алғыс айтамыз! Бұйырса, бұл қиындық та артта қалады. Бұрын салмақ жасай алмай қалған кезде бізге күмән келтіргендер болды. Бірақ кейін олар да жанкүйерімізге айналды. Ол қиындық та артта қалды", - деп жазды.

Әлімханұлының командасы бұл мәселенің де шешілетініне сенімді.

"Бұл допинг мәселесі де шешіледі! Бізде ең мықты команда бар! Бізді әлем әлі көреді! Біз әлі талай туды желбіретеміз! Біздің мақсатымыз анық. Ешқандай қиындық бізді жолымыздан тайдыра алмайды. Сын айтқандарға мән бермеңіздер! Олар әрқашан болған және болады. Төрт титул алсақ та сыншылар табылады", - деді олар. 

Команда жанкүйерлерден қолдау көрсетуді жалғастыруды сұрады.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар