457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дмитрий Бивол бір жылдық үзілістен кейін алғаш рет жекпе-жекке шығады

Айқас Екатеринбург қаласындағы «УГМК-Аренада» өтеді. Бұл кездесу кештің басты жекпе-жегі болмақ. 

Жартылай ауыр салмақта WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол 30 мамыр күні Екатеринбургте өтетін RCC турнирінде германиялық боксшы Михаэль Эйфертпен титулдық жекпе-жек өткізеді, деп жазады malimsports.kz

Айқас Екатеринбург қаласындағы «УГМК-Аренада» өтеді. Бұл кездесу кештің басты жекпе-жегі болмақ. 35 жастағы Бивол үшін бұл 2025 жылдың ақпанында Артур Бетербиевпен өткен реванштан кейінгі алғашқы жекпе-жек болады. Еске салсақ, ол сол кездесуде жеңіске жетіп, өз позициясын нығайтқан еді.

Биволдың кәсіби мансабында 24 жеңіс (оның 12-сі нокаутпен) және бір ғана жеңіліс бар. Ол жалғыз рет 2024 жылдың қазан айында Бетербиевтен ұтылған.

Ал 28 жастағы Эйферттің еншісінде 13 жеңіс пен бір жеңіліс бар. Ол Биволға тиесілі IBF белбеуінің міндетті үміткері.

Фото: Ашық дереккөзден