Диас Молжігітов «Странджа» кубогын ерте аяқтады
Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан халықаралық «Странджа» кубогы турнирінде қазақстандық боксшы Диас Молжігітов 1/16 финалдық кезеңде өнер көрсетті.
Бұл жарыс бокс әлемінде «кіші әлем чемпионаты» деп те аталады.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан отандасымызға АҚШ өкілі Робби Гонзалес қарсы тұрды.
Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен америкалық боксшының пайдасына шешім шығарды. Осылайша, Диас Молжігітов турнирдегі жарыс жолын аяқтады. Ал Робби Гонзалес келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, биылғы турнирге Қазақстан құрамасынан жалпы саны 39 боксшы (19 ер, 20 әйел) қатысуда. Кейбір салмақ дәрежелерінде ел намысын бірден үш спортшы қорғайды.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған