457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дәулет Төлемісов Бразилия боксшысын үйіне қайтарды

Төлемісов 1/16 финалда бразилиялық Батагелло Соуза Рамонмен шаршы алаңға шықты

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған Дубайдағы (БАӘ) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Дәулет Төлемісов алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады.

86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Төлемісов 1/16 финалда бразилиялық Батагелло Соуза Рамонмен шаршы алаңға шығып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен – 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Дәулет Төлемісов – 2025 жылы Бразилияда өткен Әлем кубогының жеңімпазы. Бұл жолғы жекпе-жекте де ол жоғары дайындық пен тактикалық басымдықтың үлгісін көрсетті.

Бұған дейін Қазақстан құрамасынан Санатәлі Төлтаев (67 келі) мен Ерасыл Жақпеков (80 келі) де өз кездесулерінде жеңіске жетіп, жарысты жалғастыру мүмкіндігін алған еді. Сондай-ақ, 4 желтоқсанда Нұрмагамед Юсупов (92 келі) тәжік боксшысы Навруз Джафоевті алғашқы раундта нокаутқа түсіріп, келесі кезеңге өтті.

Алдағы күндері шаршы алаңға шығатын қазақстандықтар:
Теміртас Жүсіпов (48 кг), Даниял Сәбит (51 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (+92 кг).

IBA әлем чемпионаты 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда өтеді.

Фото: instagram/tulemissov_daulet