Данияр Елеусіновтің Zuffa Boxing лигасындағы жекпе-жегі кейінге шегерілді
Жартылай орта салмақта қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (13-0) сәуір айында Zuffa Boxing лигасында алғашқы жекпе-жегін өткізуі тиіс болған, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алайда жоспарланған бокс кеші BoxRec кестесінде көрсетілмей, жанкүйерлер арасында сұрақ туғызды.
Бұл жағдайға қатысты боксшының менеджері Зиёй Алиев пікір білдіріп, Елеусіновтің жекпе-жегі уақытша кейінге шегерілгенін мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, айқас маусым айында өтуі мүмкін. Қазіргі таңда нақты күннің ресми бекітілуі күтілуде.
Айта кетейік, бұл өзгеріске қарамастан, қазақстандық боксшы Иван Дычконың жекпе-жегі бұрынғы жоспарға сәйкес өтеді. Оның айқасы 10 мамырға белгіленген және әзірге бұл дата өзгеріссіз қалып отыр.
Аталған жоба UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясының Ойын-сауық істері жөніндегі бас басқарма төрағасы Турки әл аш-Шейхтің бастамасымен қолға алынған.
Фото: Instagram/yeleussinovdaniyar
Ең көп оқылған