Данияр Елеусінов карьерасын аяқтауға шешім қабылдады
Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы және кәсіпқой бокста IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) 2026 жылғы мансабына қатысты жанкүйерлеріне сауал тастады.
Боксшы әлеуметтік желідегі жазбасында алдағы жоспарына байланысты бірнеше нұсқаны қарастырып отырғанын айтты. Бұған дейін Елеусінов Дана Уайт пен Турки Әл аш-Шейх бастамашы болған, 2026 жылы іске қосылуы тиіс жаңа Zuffa лигасында өнер көрсетуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Алайда соңғы жазбасы оның болашақ жолы бұл бағытпен ғана шектелмейтінін аңғартты.
Менен 2026 жылы не күтесіздер? Жаңа Zuffa лигасында жұдырықтасайын ба? Әлде елге қызмет етіп, жинаған тәжірибеммен бөлісейін бе? Сіздердің пікірлеріңіз мен үшін маңызды, – деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Елеусінов соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың шілде айында АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Вашингтон қаласында өткізді. Ол филиппиндік Джеймс Бейконды (26-6, 17 KO) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Боксшы 2020 жылдан бері кәсіби рингте бар болғаны төрт жекпе-жек өткізді.
ФОТО: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған