457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Данияр Елеусінов бостандыққа шығып, жол апатына қатысты пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов әкімшілік қамауда болған 20 тәуліктен кейін бостандыққа шығып, оқиғаға қатысты алғашқы пікірін білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

28 шілде күні кешке Олимпиада чемпионы әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орнынан босатылды. Оны мекеме алдында жұбайы, туған-туыстары мен жақын достары қарсы алды.

Бостандыққа шыққаннан кейін спортшы болған жағдайға өкініш білдірді.

Оқиғаға қатысты айтарым... Болған жағдай болды, өздеріңіз де көрдіңіздер. Осыған қатты өкінемін, – деді Данияр Елеусінов Tengrinews.kz тілшісіне берген пікірінде.

Еске салайық, 9 шілдеде Данияр Елеусінов Астанада екі жол-көлік оқиғасына қатысқан болатын. Бұл ақпаратты елордалық Полиция департаменті растаған.

Оқиғадан кейін сот шешімімен боксшы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Данияр Елеусінов – Қазақстан тарихындағы ең табысты боксшылардың бірі. Ол 2016 жылғы Олимпиаданың, 2013 жылғы әлем чемпионатының және Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы.

Кәсіпқой бокста Елеусінов 2021-2024 жылдары IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанса, 2020-2022 жылдары IBF Inter-Continental белбеуінің иегері болды.

 

Фото: Instagram/yeleussinovdaniyar