8 қаңтар қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы үшін шешуші күн, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бүгін спортшының допингке қатысты B-сынамасы ашылады, оның нәтижесі бойынша боксшының алдағы мансабы мен чемпиондық белбеулерінің тағдыры анықталады.
Жанжал желтоқсанның басында басталды. Әлімханұлының кубалық Эрисланди Ларамен 6 желтоқсанда өтуі тиіс жекпе-жегі тоқтатылып, оның орнына колумбиялық Йохан Гонсалес шықты. Бұған америкалық журналист Дэн Рафаэльдің VADA есебіне сілтеме жасап, Жәнібектің сынамасынан мельдоний табылғаны туралы ақпарат себ болды.
Спортшы айыптауларды жоққа шығарып, алғашқы тест теріс нәтиже көрсеткенін, сынаманы өзгертпегенін айтты. Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков асығыс қорытынды жасамауға шақырып, оң нәтиже әрдайым қасақана бұзушылықты білдірмейтінін атап өтті.
Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы тергеу аяқталғанға дейін жарыстардан уақытша шеттетілген.
Фото: Twitter / Janibek Alimkhanuly