Бүгін боксшылардан шаршы алаңға кімдер шығады

5 қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан екі спортшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әйелдер арасында:
57 келі салмақта Карина Ибрагимова грек боксшысы Панагита Кузилумен кездеседі.
65 келіде қарағандылық Аида Әбікеева венгриялық Анна Луца Хаморимен қолғап түйістіреді. Айта кетейік, Әбікеева бұған дейін Сербияның Ниш қаласында әлем чемпионы атағын жеңіп алған.
Алғашқы күннің қорытындысы:
Элина Базарова (54 келі) өзбекстандық қарсыласына жол берді.
Ерлер арасында Сағындық Тоғамбай (90 келі) ағылшын боксшысын төрешілердің шешімімен жеңді.
Бұл – тарихта тұңғыш рет World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылып отырған әлем чемпионаты. Жарыс 4–14 қыркүйек аралығында өтеді. Ливерпульге 68 елден 554 спортшы (329 ер, 225 әйел) келген. Қазақстаннан 20 боксшы – ерлер құрамасынан да, әйелдер құрамасынан да 10 спортшыдан қатысуда.
Фото: GOV.kz

Ең көп оқылған
