Бүгін Әли Ахмедов әлем чемпионы белбеуі үшін айқасады
Бүгін, 25 шілдеде Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Әли Ахмедов жартылай ауыр салмақтағы International Boxing Organization (IBO) тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Асемахле Веллеммен қолғап түйістіреді.
31 жастағы Ахмедов бұл кездесуге қатарынан екі жеңістен кейін шығып отыр. Қазіргі таңда ол WBA Asia чемпиондық белбеуінің иегері. Ал 25 жастағы Веллем соңғы төрт жекпе-жегінде жеңіске жетіп, WBO Africa чемпиондық белбеуін еншілеген.
Бокс кешінің бағдарламасы
Кеш аясында сегіз жекпе-жек өтеді. Шаршы алаңға қазақстандық былғары қолғап шеберлері шығады:
Әли Ахмедов;
Елхан Табынбаев (9-1, 7 KO);
Саматәлі Төлтаев (7-0, 4 KO);
Балауса Мұздыман (9-0, 7 KO);
Елшат Нығметолла (21-0-3, 8 KO);
Дулат Бекбауов (3-0, 3 KO);
Армат Арманұлы (6-1, 4 KO);
Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO).
Бокс кеші Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады.
Фото: IG/akhmedov_promotions©
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған