Мәзір
Бокс

Бүгін 13 қазақстандық боксшы ширек финалда шаршы алаңға шығады

Сабина Асқарқызы 111 қаралым
Бүгін 13 қазақстандық боксшы ширек финалда шаршы алаңға шығады

Бүгін Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасынан бір күнде 13 боксшы шаршы алаңға шығады. Оның ішінде бесеуі өзбек спортшыларымен кездеседі. Күндізгі сессияда – 6, кешкі сессияда – 7 боксшымыз бақ сынайды.

Күндізгі сессия | 16:00

55 келі: Махмұд Сабырхан – Руи Ямагучи (Жапония)

60 келі: Виктория Графеева – Ситора Турдыбекова (Өзбекстан)

70 келі: Төрехан Сабырхан – Макан Траоре (Франция)

80 келі: Нұрбек Оралбай – Джавохир Умматалиев (Өзбекстан)

+80 келі: Елдана Тәліпова – Селин Даниэль (Жаңа Зеландия)

90 келі: Сағындық Тоғамбай – Турабек Хабибулаев (Өзбекстан)

Кешкі сессия | 22:00

51 келі: Алуа Балқыбекова – Ию-суан Гуо (Қытайлық Тайбэй)

57 келі: Карина Ибрагимова – Джулия Серемета (Польша)

65 келі: Аида Әбікеева – Бусеназ Сурменели (Түркия)

80 келі: Гүлсая Ержан – Есета Флинт (Аустралия)

60 келі: Бибарыс Жексен – Абдумалик Халоков (Өзбекстан)

65 келі: Ертуған Зейнулинов – Асахуджа Муидинхуджаев (Өзбекстан)

+90 келі: Айбек Оралбай – Лука Пратлажачич (Хорватия)

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар