«Boxam Elite» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан боксшылары анықталды
Бокстан Қазақстан құрамасы Испанияға оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық турнирге қатысу үшін жол тартты, деп хабарлайды malimsports.kz.
25 қаңтар мен 2 ақпан аралығында ұлттық құрама Бенидорм қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал 3-8 ақпан күндері Ла-Нусия қаласында «Boxam Elite» халықаралық турнирінде бақ сынайды.
Қазақстандық боксшылар төмендегі салмақ дәрежелерінде сынға түседі:
50 кг - Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров
55 кг - Махмұд Сабырхан, Бексұлтан Боранбек
60 кг - Серік Теміржанов, Дәулет Молдашев
65 кг - Санатәлі Төлтаев
70 кг - Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мурсал
75 кг - Тимур Нұрсейітов, Аман Қонысбеков
80 кг - Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас
85 кг - Нұрбек Оралбай
90 кг - Сағындық Тоғамбай, Оңталап Рахманов
+90 кг - Айбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан.
Фото: ҚР бокс федерациясы
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған