Қазақстанда бокстан өткен ел чемпионатының қорытындысы бойынша жаңа ұлттық құрама жасақталды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.
Федерацияның бас хатшысы Мерей Ақшаловтың айтуынша, құрама сапына әр салмақ дәрежесінен 3-4 үздік спортшы енгізілген.
«Ел чемпионаты аяқталған соң әр салмақтан 3-4 боксшы ұлттық құрамаға кірді. Әр боксшы алдағы халықаралық жарыстарға қатысып, өзін көрсетуге мүмкіндік алады. Арасындағы үздіктері келесі жылы өтетін Азия ойындарына қатысады», – деді Ақшалов.
Жаңа құрамның басты мақсаты – алдағы халықаралық турнирлерде ел намысын абыроймен қорғау және 2026 жылы өтетін Азия ойындарына дайындықты бастау.
Спортшылардың алғашқы оқу-жаттығу жиыны қараша айының басында өтпек.
Фото: instagram.com/qajymuqan.sport