Мәзір
Бокс

Бокстан үш дүркін Қазақстан чемпионы RCC HARD турнирінің жеңімпазы атанды

Сабина Асқарқызы 56 қаралым
Бокстан үш дүркін Қазақстан чемпионы RCC HARD турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық боксшы Әділет Құрметов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен RCC HARD One Round жалаң қолмен жұдырықтасу лигасының іріктеу Гран-приінде жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Финалда ол «Индеец» лақап атымен танымал Ұлқан Шодибековпен кездесіп, қарсыласын нокаутпен жеңді.

Бұл – Құрметов үшін бір кештегі үшінші жекпе-жегі болатын. Кездесу барысында қазақстандық спортшы ауыр нокдаун алғанымен, жекпе-жекті жалғастырып, айқасты өз қолына алды. Нәтижесінде жекпе-жектің 1 минут 39-секундында қарсыласын нокаутқа жіберіп, турнир чемпионы атанды.

Осы жеңістің арқасында Әділет Құрметов RCC HARD ұйымымен келісімшартқа қол қойды.

Айта кетейік, Әділет Құрметов – әуесқой бокстан 60 келіде Қазақстанның үш дүркін чемпионы.

Сондай-ақ ол 2021-2024 жылдар аралығында кәсіпқой рингте үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

 

Фото: Данияр Майлыбаев

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар