Бокстан U23 Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
U23 жас санатында әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үш алтын, үш күміс және үш қола медальға қол жеткізді.
48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева финалда Моңғолия өкілі Содон-Од Биндерияны жеңіп, Азия чемпионы атанды.
70 келіге дейінгі салмақта Азиза Исина шешуші кездесуде Өзбекстан боксшысы Райхона Курбонбоевадан басым түсті.
75 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Нәлібай үндістандық Мусканды жеңіп, алтын жүлдені иеленді.
Ал 51 келіге дейінгі салмақта Анита Әдішева финалда өзбекстандық Гулсевар Ганиеваға жол беріп, күміс медальмен марапатталды.
57 келіге дейінгі салмақта Ұлжан Сәрсенбек Өзбекстан өкілі Хуморабону Мамажоноваға есе жіберді.
80 келіге дейінгі салмақта Құралай Егінбайқызы финалда өзбекстандық Рухшона Парпиевадан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, U23 жас санатындағы әйелдер бәсекесінде Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Бұған дейін Аяжан Ермек (60 кг), Панар Сейітханқызы (+80 кг) және Аслан Елдібайұлы (+90 кг) қола жүлдегер атанған болатын.
Айта кетейік, 16 шілдеде Азия чемпионатында ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған