Бокстан «Странджа» турниріне қатысатын ұлттық құрама мүшелері анықталды
23 ақпан – 2 наурыз аралығында Болгарияның София қаласында бокстан дәстүрлі «Странджа» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыста ұлттық құрама сапынан 39 спортшы бақ сынайды. Биылғы додаға 36 елден 300-ден аса былғары қолғап шебері қатысады. Қатысушылар қатарында Болгария, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және басқа мемлекеттер бар.
Ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов «Boxam» (Испания) және «Странджа» турнирлерінің, сондай-ақ екі оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша 28 наурыз – 11 сәуір аралығында Моңғолия өтетін Азия чемпионатына құрамды анықтайды.
Ерлер
50 келі: Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров
55 келі: Тимур Қабдешов, Бағлан Кенжебек
60 келі: Бейбарыс Жексен, Руслан Күзеубаев
65 келі: Ертуған Зейнуллинов, Әбдікәрім Әбдіғалым, Илья Калинин
70 келі: Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
80 келі: Санжар-Али Бегалиев, Диас Молжігітов
85 келі: Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, Дәулет Төлемісов
90 келі: Нурмагамед Юсупов
+90 келі: Нұрлан Сапарбай, Даниал Сапарбай
Әйелдер
48 келі: Айгерім Сәттібаева, Анель Құдайберген
51 келі: Жазира Орақбаева, Анита Адишева
54 келі: Элина Базарова, Жайна Шекербекова, Анель Сақыш
57 келі: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова
60 келі: Виктория Графеева, Римма Волосенко
65 келі: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева
70 келі: Бақыт Сейдіш, Мадина Нұршаева
75 келі: Валентина Хальзова, Мария Сидоренко
80 келі: Надежда Рябец
+80 келі: Дина Исламбекова, Валерия Аксенова
Фото: ҚФБ
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған