Мәзір
Бокс

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына аттанады

Сабина Асқарқызы 106 қаралым
Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына аттанады

30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Ұланбатыр қаласында World Boxing ұйымының бастамасымен бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Аталған турнир - құрлық деңгейінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған маңызды жарыстардың бірі.

Қазақстан құрамасы бұл додаға толық құраммен қатысады. Ерлер командасын бас бапкер Нұржан Насанов бастап барады. Құрама сапында:

50 келіде - Санжар Тәшкенбай,
55 келіде - Махмұд Сабырхан,
60 келіде - Оразбек Асылқұлов,
65 келіде - Ертуған Зейнулинов,
70 келіде - Төрехан Сабырхан,
75 келіде - Сабыржан Аққалықов,
80 келіде - Ерасыл Жақпеков,
85 келіде - Нұрбек Оралбай,
90 келіде - Сағындық Тоғамбай,
+90 келіде - Айбек Оралбай өнер көрсетеді.

Әйелдер құрамасын бас бапкер Елдос Сайдалин жаттықтырады. Құрама тізімі төмендегідей:

48 келіде - Әйгерім Сәттібаева,
51 келіде - Жазира Орақбаева,
54 келіде - Элина Базарова,
57 келіде - Ұлжан Сәрсенбек,
60 келіде - Римма Волосенко,
65 келіде - Лаура Есенкелді,
70 келіде - Бақыт Сейдіш,
75 келіде - Валентина Хальзова,
80 келіде - Надежда Рябец,
+80 келіде - Дина Исламбекова.

Аталған чемпионатта Қазақстан боксшылары жүлделі орындар үшін сынға түсіп, халықаралық рейтингтік ұпайлар мен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алмақ. 

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар