Бокстан Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының ширек финал жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ерлер арасында жартылай финалға ең көп боксшы Түркістан облысынан шықты. Бұл аймақтан 6 боксшы келесі кезеңге өтті. Одан кейінгі орында Жамбыл облысы (5 спортшы). Ал Алматы, Шымкент және Қызылорда облыстарынан төрт боксшыдан жартылай финалға жолдама алды.
Сонымен қатар Ақмола мен Қарағанды облыстарынан үш спортшыдан, ал Абай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан екі спортшыдан өтті. Ал Астана, Павлодар, Алматы, Қостанай және Маңғыстау облыстарынан бір-бір боксшыдан ғана жартылай финалға шықты.
Әйелдер арасында көш басында Алматы қаласының спортшылары тұр. Барлығы 7 боксшы. Екінші орында Шымкент (6), ал үздік үштікті Жамбыл облысы түйіндеді – 5 боксшы.
Қарағанды облысынан төрт, Жетісу мен Қостанай облыстарынан үш спортшыдан жартылай финалға өтті. Түркістан мен Ақмола облыстарынан екі, ал Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Павлодар облыстарынан бір-бір спортшыдан келесі кезеңге жолдама алды.
Фото: ҰОК