457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті полиция ұстады

Астанада 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Koza4kov телеграм арнасының мәліметінше, 8 шілде күні «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының маңында үш көлік қатысқан екі жол-көлік оқиғасы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі апатқа да қатысы бар жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстаған.

Дереккөздің жазуынша, 001EDM01 мемлекеттік тіркеу нөмірі тағылған Toyota жол талғамайтын көлігін 35 жастағы Данияр Елеусінов басқарған болуы мүмкін. Сондай-ақ патрульдік полиция жүргізушіні мас күйде болуы мүмкін деген күдікпен медициналық куәландыруға жібергені айтылған.

Егер сараптама жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын растаса, оған жол-көлік оқиғасын мас күйде жасау және оқиға орнын тастап кету баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылуы мүмкін. Заңнамаға сәйкес, мұндай жағдайда 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу және жеті жылға дейін көлік басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы ықтимал.

Сонымен қатар Астана қаласы Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының болғанын және жүргізушінің оқиға орнынан кеткенін растады. Алайда ведомство ұсталған адамның аты-жөнін ресми түрде жариялаған жоқ.

 

Фото: Instagram/yeleussinovdaniyar