457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бокстан Испаниядағы жарыстан алты алтын бұйырды

Ағайынды Оралбай және Сабырхандар топ жарды

Бокстан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 турнирі өз мәресіне жетті.

Қазақстан аталған халықаралық турнирде 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) және әйелдер арасында Умида Садықова (80 келіден жоғары) жарыста алтыннан алқа тақты.

Аман Қонысбеков (75 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін), Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары) және әйелдер арасында Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары), Назерке Серік (65 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Азамат Бектас (80 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Гүзал Садықова (80 келіге дейін) және Элянұр Тұрғанова (48 келіге дейін) жарыста қола жүлде алған еді.

Фото: ҰОК