Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталып, ерлер және әйелдер арасында ел үздіктерінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.
Ерлер:
50 келі: Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) - Даниял Сабит (Батыс Қазақстан облысы) - 0:5.
55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) - Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) - 0:5.
60 келі: Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) - Серік Теміржанов (Павлодар облысы) - 1:4.
65 келі: Ертуған Зейнулинов (Алматы облысы) - Санаталі Төлтаев (Манғыстау облысы) - 1:4.
70 келі: Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы) - Фаррух Тохтасынов (Алматы қаласы) - 5:0.
75 келі: Сабыржан Аққалықов (Қарағанды облысы) - Тимур Нұрсейітов (Астана). Екінші раундта Аққалықов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
80 келі: Ерасыл Жакпеков (Абай облысы) - Диас Молжігітов (Жамбыл облысы). Бірінші раундта Жакпеков техникалық нокаутпен қарсыласынан басым түсті.
85 келі: Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы) - Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы қаласы) - 5:0.
90 келі: Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) - Нұрмағамбет Юсупов (Қарағанды облысы) - 3:2.
90 келіден жоғары: Нұрлан Сапарбай (Туркістан облысы) - Аслан Елдібайұлы (Қызылорда облысы). Қарсыласының бас тартуына байланысты Нұрлан Сапарбай жеңіске жетті.
Әйелдер арасындағы финалдық айқастың қорытындысы төмендегідей:
48 келі: Айгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы) - Әнел Кұдайберген (Жетісу облысы) - 5:0.
51 келі: Жазира Орақбаева (Алматы қаласы) - Анита Адишева (Қарағанды облысы) - 5:0.
54 келі: Жайна Шекербекова (Шымкент қаласы) -Элина Базарова (Шымкент қаласы) - 1:4.
57 келі: Карина Ибрагимова (Ақмола облысы) - Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы) - 5:0.
60 келі: Римма Волосенко (Астана қаласы) - Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы) --- 4:1.
65 келі: Аружан Жаңабаева (Түркістан облысы) - Лаура Есенгелді (Шымкент қаласы) - 1:4.
70 келі: Мәдина Нұршаева (Шымкент қаласы) - Бақыт Сейдиш (Алматы қаласы) - 3:2.
75 келі: Валентина Хальзова (Астана қаласы) - Мария Сидоренко (Жетысу облысы) - 5:0.
80 келі: Надежда Рябец (Қостанай облысы) - Анастасия Рылина (Қостанай облысы). Бірінші раундта Надежда техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
80 келіден жоғары: Валерия Аксенова (Ақмола облысы) - Әсел Тоқтасын (Алматы қаласы) - 4:1.
Ел біріншілігінде Қарағанды облысының өкілі Сабыржан Аққалықов ерлер арасындағы, ал Алматы қаласының өкілі Жазира Орақбаева Қазақстан чемпионатының әйелдер арасындағы үздік боксшысы атанды. Арман Бүркітбаев ел біріншілігінің үздік төрешісі атанды.
Фото: ҚР бокс федерациясы