457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бокстан Азия чемпионатының финалистері белгілі болды

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан U-19 және U-23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық кезең аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының 22 боксшысы финалға жолдама алды. Оның ішінде 9 спортшы U-19, ал 13 боксшы U-23 санатында алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Финалистер саны бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш бойынша көш басында 27 финалисі бар Өзбекстан орналасса, үздік үштікті 18 финалистпен Үндістан түйіндеп тұр.

Финалистер саны бойынша көшбасшылар:

Өзбекстан – 27;

Қазақстан – 22;

Үндістан – 18;

Жапония – 4;

Оңтүстік Корея – 2;

Қырғызстан – 2;

Индонезия – 2;

Таиланд – 1;

Қытайлық Тайбэй – 1;

Моңғолия – 1.

Сонымен қатар U-23 санатындағы ерлер арасында финалға шыққан спортшылар саны бойынша Қазақстан бірінші орынға көтерілді.

Қазақстан – 7;

Өзбекстан – 6;

Үндістан – 3;

Жапония – 2;

Қырғызстан – 2.

Қазақстанның U-19 финалистері: Әділ Асқанбай (50 кг), Ақжүрек Қалабай (65 кг), Бибарыс Әшірбай (70 кг), Тимур Тайбеков (80 кг), Руслан Ахметов (85 кг), Владислав Саможонов (+90 кг), Камила Оспанова (70 кг), Айдана Ұбайдуллақызы (80 кг) және Зарина Толыбай (+80 кг).

Қазақстанның U-23 финалистері: Бексұлтан Боранбек (55 кг), Нұрасыл Төлебек (60 кг), Нұрбек Мурсал (70 кг), Аман Қонысбек (75 кг), Өнер Сейілхан (80 кг), Темірлан Мұқатаев (85 кг), Ибрагим Бетаев (90 кг), Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Анита Әдішева (51 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Азиза Исина (70 кг) және Шұғыла Нәлібай (75 кг).

Айта кетейік, U-19 және U-23 санаттарындағы әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер 15 шілдеде, ал ерлер арасындағы шешуші кездесулер 16 шілдеде өтеді.

 

Фото: ҚБФ