Мәзір
Бокс

Бокстан Азия чемпионаты: Валентина Хальзова жартылай финалға өтті

Сабина Асқарқызы 101 қаралым
Бокстан Азия чемпионаты: Валентина Хальзова жартылай финалға өтті

Моңғолияда өтіп жатқан Азия біріншілігінде бокстан әлем чемпионы, 75 келідегі Валентина Хальзова 1/4 финалда Оңтүстік Кореяның спортшысы Суйеон Сеонгпен кездесті, деп жазады malimsports.kz. 
Алғашқы минуттан отандасымыздың басымдығы байқалып, 1-раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді.
Екінші раундта да Валентина қарқынын арттырып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Енді ол жартылай финалда Қытай боксшысы Зи Баомен айқасады.

Фото: 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар