Мәзір
Бокс

Бокстан Азия чемпионаты: Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға өтті

Сабина Асқарқызы 97 қаралым
Бокстан Азия чемпионаты: Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға өтті

Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионда қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 65 келідегі Ертуған Зейнуллинов 1/4 финалда Қырғызстан өкілі Мирзохид Имамназаровпен жұдырықтасты,  
Отандасымыз соққы алмасу барысында дәлдік танытып, әр раундта басымдығын танытып отырды. Қорытынды есеп - 3:2.
Енді Ертуған жартылай финалда Таиланд спортшысы Бунжонг Синсиримен айқасады.

Бұған дейін екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Үндістан өкілінен жол беріп, нокаутпен жеңілген еді. 

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар