Мәзір
Бокс

Бокстан әлемнің экс-чемпионы Джошуа Нигерияда жол апатына түсті

Сабина Асқарқызы 90 қаралым
Бокстан әлемнің экс-чемпионы Джошуа Нигерияда жол апатына түсті

Ауыр салмақта IBF, WBA, WBO және IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа Нигерияда жол-көлік апатына ұшырады. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады, деп жазады malimsports.kz. 

Оқиға Лагос-Ибадан тас жолында болған. Жұлдызды британ боксшысы отырған Lexus жол талғамайтын көлігі трассада тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Джошуа жеңіл жарақат алған, ал көліктегі тағы екі адам оқиға орнында қаза тапты.

Айта кетерлігі, жол апатынан бірнеше сағат бұрын Джошуа әлеуметтік желіде досы Кевин Айоделемен үстел теннисін ойнап жатқан видеосын жариялаған.

Еске салайық, 20 желтоқсанда Энтони Джошуа Майамиде өткен турнирде америкалық блогер Джейк Полды мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жек алтыншы раундта нокаутпен аяқталды. Осы кездесуден кейін британ боксшысы отандасы Тайсон Фьюриді айқасқа шақырған еді.

36 жастағы Джошуаның кәсіби мансабында 29 жеңіс пен 4 жеңіліс бар. 2021 жылдың қыркүйегінде ол украиналық Александр Усикке жол беріп, бірден төрт чемпиондық белбеуінен айырылған болатын.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар