World Boxing ұйымы өткізетін бокстан Әлем кубогының финалына қатысатын Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыс 16-20 қараша аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтеді. Қазақстан құрамасында ерлер арасында сегіз, ал әйелдер арасында бес спортшы сынға түседі.
Ерлер құрамасы:
50 кг: Нұрзат Оңғаров
55 кг: Нұрсұлтан Алтынбек
70 кг: Нұрбек Мұрсал
75 кг: Аман Қонысбеков
80 кг: Санжаралы Бегалиев
85 кг: Сұлтанбек Айбарұлы
90 кг: Бекзат Таңатар
90+ кг: Даниял Сапарбай
Әйелдер құрамасы:
48 кг: Ақбота Болат
51 кг: Жансая Рахымберді
57 кг: Ұлжан Сәрсенбек
80 кг: Диана Мағауияева
80+ кг: Әсел Тоқтасын
Боксшылар 16 елдің үздік спортшыларымен бақ сынайды деп күтіліп отыр. Әлем кубогының финалы жаңа форматтағы World Boxing ұйымының ең маңызды турнирлерінің бірі болып саналады.
Фото: ҚР бокс федерациясы