Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын анықтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ірі халықаралық турнирде еліміздің намысын 17 боксшы қорғайды.
Ерлер
50 кг: Санжар Тәшкенбай
55 кг: Тимур Қабдешов
60 кг: Серік Теміржанов
65 кг: Санаталі Төлтаев
70 кг: Абылайхан Жүсіпов
75 кг: Тимур Нұрсейітов
80 кг: Сабыржан Аққалықов
90 кг: Нұрбек Оралбай
90 кг: Айбек Оралбай
Әйелдер
51 кг: Алуа Балқыбекова
54 кг: Назым Қызайбай
60 кг: Виктория Графеева
65 кг: Аида Әбікеева
70 кг: Лаура Есенгелді
75 кг: Наталья Богданова
80 кг: Валерия Аксенова
80 кг: Дина Исламбекова
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.
Фото: ҰОК