457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бокстан әлем кубогі: Қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды

Қытайдың Гуйян қаласында өтетін бокстан Әлем кубогының екінші кезеңіне жеребе тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан құрамасының бірқатар өкілдері жарысты 1/8 финалдан бастаса, жоғары рейтингке ие боксшылар бірден ширек финалдан додаға қосылады.

90 келі салмақта өнер көрсететін Нұрбек Оралбай алғашқы айналымды өткізеді. Ол ширек финалда қазіргі әлем чемпионы өзбекстандық Турабек Хабибуллаев пен үндістандық Харш Чандра арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуі ықтимал.

Сондай-ақ 60 келіде сынға түсетін Серік Теміржановтың да өзбекстандық Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковпен жолы түйісуі мүмкін. Екі боксшы жартылай финалда кездесуі ықтимал қарсыластар қатарында.

Ал +90 келіде Айбек Оралбай жарысты бірден ширек финалдан бастап, үндістандық Саван Гуптамен қолғап түйістіреді.

Қазақстан құрамасының өзге өкілдері де алғашқы айналымда Үндістан мен Ирландия боксшыларымен күш сынасады.

Қытайдағы Әлем кубогының ерлер арасындағы жекпе-жектері 15 маусымда басталады.

 

Фото: ҚБФ