457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов пен жұбайы татуласқанын мәлімдеді

Ерлі-зайыптылар отбасы төңірегінде түрлі қауесет пен талқылаудың көбейгеніне байланысты жұртшылыққа үндеу жасады.

Қазақстандық танымал боксшы Теміртас Жүсіпов пен оның жұбайы әлеуметтік желі арқылы бірлескен бейнеүндеу жариялап, отбасы арасындағы даудан кейін татуласқанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Боксшының Instagram парақшасында жарияланған видеода ерлі-зайыптылар отбасы төңірегінде түрлі қауесет пен талқылаудың көбейгеніне байланысты жұртшылыққа үндеу жасады.

Теміртас Жүсіповтің айтуынша, олардың арасында отбасылық жанжал болғанымен, екі тарап жағдайды жан-жақты талқылап, қорытынды шығарған.

«Иә, арамызда отбасылық кикілжің болды. Екеуміз де қорытынды жасап, ашық сөйлестік және отбасымызды сақтап қалу туралы ортақ шешімге келдік. Біздің бұл шешімімізге және жеке өмірімізге құрметпен қарауларыңызды сұраймыз», - деді спортшы.

Өз кезегінде боксшының жұбайы қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішті ешқандай қысымсыз, өз еркімен қабылдағанын айтты.

«Өтінішімді қайтарып алып, қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат беру туралы шешімді өз еркіммен қабылдадым. Маған ешқандай қысым жасалған жоқ. Отбасымыздың жеке өміріне құрметпен қарап, тыныш өмір сүруге мүмкіндік берулеріңізді сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет», - деді ол.

Фото: Бейнежазбадан скриншот