457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бокстан әлем чемпионатында өнер көрсететін ұлттық құрама мүшелері кімдер

4-14 қыркүйек аралығында өтетін әлемдік біріншілік «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілмек.

Ертең Ливерпульде бокстан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.

4-14 қыркүйек аралығында өтетін әлемдік біріншілік «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілмек.

Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын ҚР ұлттық құрамасының сапында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бекзат Нұрдәулетов (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) мен Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) сынды боксшылар өнер көрсетеді.

Әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин төмендегі боксшыларға сенім артып отыр.

Оның ішінде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Элина Базарова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Талипова (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шықпақ.

Фото: olympic.kz