Мәзір
Бокс

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын құрам жарияланды

Сабина Асқарқызы 149 қаралым
Бокстан әлем чемпионатына қатысатын құрам жарияланды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының 3-13 желтоқсанда Дубайда өтетін IBA әлем чемпионатына қатысатын құрамы ресми түрде жарияланды.

 Бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжанов бастаған команда Ташкенттегі бірлескен оқу-жаттығу жиынын аяқтап, жақын күндері Дубайға жол тартады.

Қазақстан құрамасының толық тізімі:

48 кг: Теміртас Жүсіпов

51 кг: Даниял Сәбит

54 кг: Сәкен Бибосынов

57 кг: Оразбек Асылқұлов

60 кг: Серік Теміржанов

63.5 кг: Ертуған Зейнулинов

67 кг: Санатәлі Төлтаев

71 кг: Абылайхан Жүсіпов

75 кг: Сабыржан Аққалықов

81 кг: Ерасыл Жақпеков

86 кг: Дәулет Төлемісов

92 кг: Нурмагамед Юсупов

+92 кг: Нұрлан Сапарбай

Халықаралық бокс қауымдастығы IBA ұйымдастыратын бұл әлем чемпионаты тарихтағы ең ірі жүлде қорымен ерекшеленеді – чемпионға 300 мың доллар табысталады.

ФОТО: Instagram

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар