Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнде тағы бір отандасымыз жеңіліп, бәсекеден шығып қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді. Ол алғашқы айналымда Украина елінің өкілі Павел Ильюшамен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов жарыс жолынан шығып қалған үшінші боксшы. Бұған дейін Элина Базарова (54 кг) мен Надежда Рябец (75 кг) әлем чемпионатын аяқтаған еді.