Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде екі қазақстандық боксшы өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ерлер құрамасы сапынан рингке бірінші болып 90 келіде Сағындық Тоғамбай көтерілді. Ол алғашқы айналымда жергілікті боксшы Исаак Окодан басым түсті. Аса тартысты өткен кездесуде жерлесіміз жігерлі өнер көрсетіп, үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласын 3:2 есебімен жеңді.
Сондай-ақ бұған дейін әйелдер арасында бақ сынаған Элина Базарованың әлем чемпионатынан шығып қалғанын жазғанбыз. Отандасымыз өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездесуде жеңіліп қалды.