Бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандық спортшылардан бүгін бірінші болып күндізгі сессияда жарыс жолына шыққан 57 келідегі Карина Ибрагимова Грекия өкілі Панагиота Кузилоумен жұдырықтасып, қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ бүгін 65 келіде қарағандылық Аида Әбікеева мажарстандық Анна Луца Хаморимен қолғап түйістіреді. Айта кетейік, Әбікеева бұған дейін Сербияның Ниш қаласында әлем чемпионы атағын жеңіп алған.
Айта кетейік, кешегі жарыс күнінде 54 келідегі Элина Базарова бірінші айналымда өзбекстандық боксшыдан жеңіліп қалса, 90 келіде Сағындық Тоғамбай ағылшын боксшысынан айласын асырып, келесі кезеңге жолдама алған болатын.
Сурет: ДРС