Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ел құрамасы сапынан алғаш болып рингке 54 келідегі Элина Базарова шықты. Жерлесіміз бірінші айналымда өзбекстандық жастар арасында әлем чемпионы, Азия чемпионы Нигина Уктамовамен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, бокстан әлем чемпионаты Ұлыбританияда 4–14 қыркүйек аралығында өтеді. World Boxing ұйымы аясында алғаш рет ұйымдастырылған әлемдік додаға Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне толық құраммен келген болатын. Ал жалпы әлем чемпионатына 68 елден барлығы 554 (ерлер — 329, әйелдер — 225) келген.
Фото: ҚБФ