Мәзір
Бокс

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін кімдер шаршы алаңға шығады

Сабина Асқарқызы 38 қаралым
Бокстан әлем чемпионаты: бүгін кімдер шаршы алаңға шығады

6 қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан төрт спортшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ерлер:

70 келі салмақта Сабырхан Төрехан алжирлік Ислам Ячимен кездеседі.

60 келіде Бибарыс Жексен филиппиндік Джунмилардо Огаиримен қолғап түйістіреді.

Қыздар:

60 келіде Виктория Графеева косовалық Донета Садикумен сынға түседі. Айта кетейік, Виктория биыл Сербияда өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иегері атанған болатын.

75 келіде Надежда Рябец қытайлық Лина Уангпен келесі кезеңге жолдама үшін жұдырықтасады.

Айта кетейік, бұған дейін Аида Әбікеева (65 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Сағындық Тоғамбай (90 кг) әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алған. Ал жарыстың алғашқы күнінде қыздар арасынан Элина Базарова (54 кг) 1/16 финалда өзбекстандық Нигина Уктамоваға 0:5 есебімен жол берген еді.

Бұл – тарихта тұңғыш рет World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылып отырған әлем чемпионаты. Биылғы додаға 68 елден 554 спортшы (329 ер, 225 әйел) қатысып жатыр. Жарыс 4–14 қыркүйек аралығында жалғасады.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар