Мәзір
Бокс

Бокстан әлем чемпионаты: Аида Әбікеева келесі кезеңге жолдама алды

Сабина Асқарқызы 24 қаралым
Бокстан әлем чемпионаты: Аида Әбікеева келесі кезеңге жолдама алды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

65 келіге дейінгі салмақтағы отандасымыз алғашқы айналымда мажарстандық Лука Хаморимен жұдырықтасып, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.

Кездесудің бірінші раундында мажарстандық спортшы басым болған. Алайда кейінгі раундтарда Аида Әбікеева белсенді қимылдап, қарсыласынан жеңісті жұлып алды. Енді 1/8 финалда ол Корея өкілі Канг Сукёнмен кездеседі. 

Айта кетейік, бүгінгі жарыс күнінде өнер көрсеткен Карина Ибрагимова (57 кг) Панагиота Кузилуды (Грекия) жеңіп, ол да әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алған болатын.

 

Сурет: ДРС

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар