457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Боксшы Бекзат Нұрдәулетов жаңа қызметке тағайындалды

Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры қызметіне тағайындалды

Бокстан әлем чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Нұрдәулетов Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін мен үшін жауапкершілігі жоғары жаңа кезең басталды. Мен Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы қызметіне тағайындалдым.

Басшы болу - атақ үшін емес, жүйе құру, жастарға жол ашу, спортты дамыту үшін. Алға қойған мақсат айқын. Жұмыс енді басталды»,  - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін дейін аталған лауазымда Әділбек Ниязымбетов болған еді.

Еске сала кетейік, Бекзат әлем чемпионы атағынан бөлек 2024 жылы Азия чемпионы және 2025 жылы Әлем кубогінің иегері атанған болатын.

Бекзат Нұрдәулетов 1998 жылғы 10 сәуірде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Ол жартылай ауыр салмақта өнер көрсетті.
2019 жылы Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алып, Қазақстан қоржынына тарихи жеңіс сыйлады. Сондай-ақ 2024 жылы Азия чемпионы атанды.

2020 жылы Токио Олимпиада ойындарына қатысып, 1/8 финалда бақ сынады. Әуесқой бокстағы табысты жолымен қатар, кәсіби рингте де өнер көрсетіп, WBO Youth нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.